Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ теңге – АҚШ доллары валюталары бойынша сауда регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

28 ақпанда сауда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

"Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, ел ішіндегі қаржылық тұрақтылық пен валюта нарығына сыртқы геосаяси күштердің қысымын төмендету мақсатында жасалып отыр. Сонымен бірге, сыртқы қаржы нарығындағы жағдайлардың өзгеруіне сәйкес, Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де биржалық валюта саудасын толықтай тоқтата тұру мәселесін қарауы мүмкін" делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: ЕуроОдақ Ресейге қарсы санкцияларды жаппай енгізе бастады