Ұлттық статистика: Қазақстандықтардың орташа жалақысы 365 502 теңгеге дейін өсті
Орташа айлық бойынша ең жоғарғы жалақы өсімі Ұлытау облысында – 23,8 болса, ең төменгі жалақы өсімі Түркістан облысында – 12,2% болып тұр.Білім беру саласында орташа айлық жалақының өсуі 10,2%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 15,6% құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды.
"2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс саласында– 36%, көлік және қойма саласында – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 23,7%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 21,8%", – деп жазылған Ұлттық бюроның ресми сайтында.
Бюро жариялайтын орташа жалақы туралы ақпарат бір қызметкердің есептелген жалақысының орташа мөлшерін көрсетеді, яғни барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, салықтарды және зейнетақы аударымдарын қоса ала отырып ескеріледі.
Оқи отырыңыз: Экономист: Халықтың табыс деңгейі Африка елдерімен пара-пар.