Бұл ақшаны бала тек 18 жасқа толғаннан кейін оқуға түсуге немесе баспана алуға жұмсай алады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Заңды мақұлдаған мәжілісмендер құжатқа он өзгерту енгізді. Мәселен, бастапқыда бала 18 жасқа толмай қайтыс болатын болса, оның есепшотына жиналған ақша Ұлттық қорға қайтарылатыны жазылған еді. Енді мұндай жағдайда марқұмға тиесілі қаражат отбасында қалатын болды, яғни сол отбасыдағы басқа балаларға бөлінеді.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап "Ұлттық қор балаларға" бағдарламасы іске асады. Соған сәйкес қорға түсетін табыстың 50 пайызы жыл сайын 18 жасқа толмаған балалардың жеке шоттарына теңдей аударылып отырады. Қазір ел бойынша осы санатқа жататын балалар саны – 6 700 000.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет.