Украинаның Харьков қаласында Абайға ескерткіш орнатылды
Ескерткіш авторы – халық суретшісі Сейфутдин Гурбанов.Украинаның Харьков қаласында Абайға арнап ескерткіш тұрғызылды, деп хабарлайды Қазақстанның Украинадағы елшілігі.
Ескерткіш "Ойшылдар аллеясында" триптих ретінде орнатылған. Сейфутдин Гурбанов жасап шыққан туындының атауы – "Тіршілік ағашы". Сондай-ақ, триптихте Украина халық ақыны Григорий Сковород пен Әзербайжан ағартушысы Мырза Фатали Ахундовқа арналған ескерткіш бар.
Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің биіктігі – 4 метр, ал аллея ауданы – 2 543 шаршы метр.
"Біз бұл ескерткішті украиналық бауырластардың қазақ халқына, Қазақстанның тарихы мен руханиятына шексіз құрмет деп қабылдаймыз", – деді елші.
Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев қала әкімшілігіне ескерткіш үшін алғыс білдірді. Ол триптих бауырлас елдер арасындағы рухани байланысын тереңдете түсетінін, олардың мәдениеті мен өнерінің кеңінен танылуына мүмкіндік беретінін атап өтті.