Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков сауда министрлігінің алқа отырысында хабарлады.

Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне жаңа қоғамдық институттарды енгізу, тұтынушылардың шағымдарын қарауды дебюрократизациялау, онлайн сауда сегментін қоса алғанда, нарық субъектілері арасындағы дауды ерікті түрде шешуге ынталандыру құралдары ұсынылады. Ұсынылып отырған түзетулер тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың мемлекеттік реттеуге қанағаттануының жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған заң жобасын әзірлеумен арнайы жұмыс тобы айналысты. Оның құрамына Комитеттің башылары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық институттар, ғылыми қызметкерлер, "Атамекен" ҰКП өкілдері, Цифрлық Қазақстан ассоциациясы, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері және қоғамдық практиктер кірді.

Баяндама басында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіру жөніндегі комитеттің негізгі функциялары айтылды.

Өткен жылдан бері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы салааралық үйлестіру аясында ҚазСтандартпен бірлесіп, келіп түскен өтініштерді зерттеу нәтижелері бойынша халықтың өмір сүру деңгейін жақсартатын 85 ұлттық стандарт әзірленді.

Комитет төрағасының айтуынша 2023 жылдың бірінші жартысында 17 000 астам шағым келіп түсті, ал өткен жылы бұл сан 11 000 аспайтын.

Тұтынушылардан түскен шағымдар санының ең үлкен өсу қарқыны электрондық сауда саласында байқалады. Ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде электрондық сауда саласына қатысты Комитет және аумақтық департаменттерге 4 000 астам шағым келіп түсті. Өткен жылы бұл сан 1000 аспайтын.

Электрондық сауда саласынан бөлек, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және байланыс қызметтеріне де шағымдар бар. Айта кететін жайт, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті барлық өтініштерді жедел түрде қарастырады. Ағымдағы жылдың 6 айында түскен барлық 17 458 өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданып, тұтынушыларға жалпы сомасы 411 млн теңге қайтарылды.

Баяндама соңында аумақтық басқармалардың ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы жарияланып, теңгерімделген бағалау жүйесі бойынша рейтинг берілді. Алғашқы үштікке аумақтық департаменттер енді: Алматы, Қостанай облысы және Батыс Қазақстан облысы.

Атырау, Жетісу және Ақмола облыстарының басқарма басшыларының жұмыстарындағы тиімділік көрсеткіштерін күшейтуге бағытталған шаралар өткізуді тапсырылды.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Комитеттің негізгі міндеттері:

  • "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заң жобасының жаңа редакциясын Парламент Мәжілісінде қолдау;
  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша қоғамдық пікірді зерттеу (әлеуметтік зерттеулер);
  • проблемалық бағыттарды талқылау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ведомствоаралық кеңес өткізу және осы саладағы істің жай-күйі туралы Үкіметке талдамалық есеп дайындау.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін реформалаудың негізгі векторы мүдделерді теңестіру және "азамат-бизнес-мемлекет" триадасындағы қарым-қатынастарды терең қайта құрылымдау болып табылады", - деді Комитет төрағасы.