Үкімет Сейсмология институтын дамытуға 5 миллиард теңге бөледі
Институтты қолдау үшін қосымша қаржы қарастырылады.Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл грант саладағы кадр мәселесін шешуге және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Институтты қолдау үшін төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, қосымша қаржы қарастырылады.
"Бұл 4-5 миллиардтың көлемінде үлкен грант. Мега грант. Неге десеңіз, шын мәнісінде сейсмология ғылымын көтеру керекпіз. Жаңа стандарттарға ауыстыру керекпіз. Керекті қаржыландыру былтырдан басталды. Биыл жалғастырылады", – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз: "Ғасырдан да ұзақ түн": Алматыдағы жер сілкінісі әлеуметтік желіде қалай көрініс тапты?