6 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке сатқындық жасау фактісіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына ҰҚК бұрынғы басшысы К.К.Мәсімов пен басқа да адамдар қамалды.

 

Тергеу жүріп жатқандықтан, басқа ақпараттар жариялауға жатпайды.