5 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де "Охотзоопром" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және табиғат қорғау полициясы инспекторларының бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында киіктердің ұшасын тасымалдаған ер адам ұсталды.

Жаңаарқа ауданының Жәйрем кентінен 1998 жылы туған ер адам  мотокөлігімен 3 киіктің  ұшасын тасымалдаған. Күдікті өзін тоқтатқан уақытта жасырынып қалуға тырысқан. 


Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген жануарды атқан браконьерлер ұсталды.


Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.