Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма беріп, оқу процесін цифрландыруды жеделдету қажеттігіне тоқталды. 

Сондай-ақ ол оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін атап өтті. 

"Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек", – деді премьер-министр. 


Оқи отырыңыз: Meta компаниясы Қазақстан мұғалімдеріне цифрлық бағдарламалар әзірлеп жатыр


Бұл орайда ол Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп, ауылдық мектептердің балалары үшін планшет сатып алу мүмкіндігін пысықтау қажеттігін айтты.  

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Қазақстанның барлық мектебін сапалы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.