Соңғы рет әкесіне қоңырау шалғанда бітпей тұрған үйлерінің құрылысын 10 күннен кейін өзі барып аяқтайтынына уәде берген, бірақ ертеңгі күні – 4 қыркүйекте көз жұмды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Марқұмның ата-анасына әскери бөлімдегілер жұмыс істеп жүрген сарбаз ауыр темірге бастырылып көз жұмды деген хабар берген. Ата-анасы 19 жастағы Нұрғасыр ешқандай жұмыстан бас тартпайтын еңбекқор жан болғанын, сардың қауіпсіздігіне бейқам жауаптылардың кесірінен тұла бойы тұңғышынан айырылып қалғанны айтты. Соңғы рет әкесіне қоңырау шалғанда бітпей тұрған үйлерінің құрылысын 10 күннен кейін өзі барып аяқтайтынына уәде берген, бірақ ертеңгі күні – 4 қыркүйекте көз жұмды. Түркістандағы 2037 шекара қызметі әскери бөліміндегілер "Нұрғасыр ауыр жұмыс істеп жүріп, темір тор мен жүк көлігінің арасына қысылып көз жұмды" деген хабар берген.


Оқи отырыңыз: Ақтауда әскерге аттанған сарбаз туған әкесін танымай қалды.


"Баламыз темір тормен жұмыс істеп жатқанда екі ортада қыстырылып қалғанын айтты. Ол жерде "жедел жәрдем" де болмаған. КамАЗ-бен 3 шақырым жердегі медициналық пунктке апарғандарын айтты. Содан кейін таксимен ар жағындағы ауданға ма, ауылға ма апара жатқанда соңғы демі таусылған. Ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмаған", – деді марқұм Нұрғасыр Темірбековтың әкесі Мэлс Әбдіраманов.

Ата-анасының айтуынша, Нұрғасыр Түркістандағы шекара қызметіне Отан алдындағы борышын өтеуге өз еркімен барған. Жауаптылар сарбаз өліміне байланысты кімдердің жазаланғанын, қандай іс қозғалғаны туралы әлі күнге дейін жауап бермепті. Шекара қызметіне жауапты Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Информбюро арнасының сұрауына жауап бермеді.. Ал әскери прокуратура өкілдері осы іске байланысты тергеу басталғанын хабарлады.


Оқи отырыңыз: "Денесінде 80 темір бар". Тағы бір сарбаз әскерден мүгедек болып оралды.


"Қылмыстық кодекстің 156-бабымен, яғни "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу" дерегі бойынша іс қозғалды. Сарбазға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деді ҚР Бас әскери прокуратурасы.