Үйдегі еркелік қалай лудоманияға әкеледі?
Психологтың айтуынша, тәуелділікке бой алдыратындардың 90 пайызы – үйінің ерке не жалғыз баласы.Тәуелділікке бой алдыратын пациенттердің 90 пайызы үйінің ерке баласы немесе жалғыз баласы, дейді психолог Герман Владимиров. Бұл туралы маман "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтты.
"Өйткені олар қатты қиындық көрмеген немесе ата-ананың қатты назарында болған жасөспірімдер көбіне осындай құмар ойынға әуес болады. Сонымен қатар жарнаманың көптігі де адамның ішкі түйсігі, ғажайыпқа сенетін адамдар осындай қадамға барады", – дейді психолог.
Оқи отырыңыз:
- "Бәрін сатып жібердім". Құмар ойынға салынған әйелдің хикаясы
- "Той мен құмар ойынға несие берілмеуі керек". Алайда экономист бұған заңдық негіз жоғын айтады
Маманның сөзінше, тәуелділіктен арылуға болады.
"Мысалы, кейбір адамдар болады: ешқандай ішімдікке, есірткіге, құмар ойынға әуестігі жоқ. Бірақ олардың барлық әуестігі жұмыс болып есептеледі. Қазіргі таңда ойынқұмар адамның назарын, ой-өрісін, миындағы нейрондар дейміз ғой, солардың барлығын тірілтіп, басқа салаға аудару керек. Мысалы, кейбір адам суретті мықты салады немесе әнді жақсы айтады. Біреуінің шығармашылыққа немесе спортқа бейімі бар. Сол бейіміне қарай осы құмарлықтың орнын ауыстыру керек. Былай айтқанда, тәуелділікті алмастыру керек", – дейді психолог.