Учаскелік инспектор қар құрсауында қалған лимузинді шығарып алды: көлікте жаңа туған сәби мен анасы болды
Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесті.Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді байқаған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын айтты.
Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесті. Сүйреткіш арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін жеткізіп салды. Көлік жүргізушісі және оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз. Қарағандылық сегіз жасар оқушы өрт аузынан қарындасын құтқарып қалды
"Анасы мен шақалақ үйлеріне аман-есен жетті. Тусқандары қарсалып алды", – деді полиция қызметкері.