ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай? Талапкерлерге арналған жадынама
Қаңтар айында алғашқы ақылы ҰБТ өтті.Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты ең маңызды мәліметтерді ұсынды.
ҰБТ 2023 жылы 5 рет өткізіледі:
- ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында 3 рет;
- грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін 2 рет.
Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылына 88 мыңнан астам оқу гранты бөлінді
Кімдер қатыса алады?
- Биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
- өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
- колледж түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
- қандастар – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға;
- шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ-ға;
- басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға;
- ақылы негізде "педагогикалық ғылымдар" білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатыса алады.
Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы
ҰБТ форматы қандай?
- 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік);
- барлық тест тапсырма саны – 120.
- ең жоғары балл – 140;
- тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут).
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының мәндес бағыттарына оқуға түсуші колледж түлектеріне арналған ҰБТ форматы:
- 2 пән (жалпы кәсіптік +арнайы);
- тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
- тест тапсырмалар саны – 60. Жоғары балл саны – 70;
- шекті балл – кемінде 25 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласына – кемінде 35 балл;
Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.