ТЖД Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті
17-18 қаңтар аралығында жауын-шашынға және облыстың таулы аймақтарында тұрақсыз жағдайға байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындарға қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
"17-18 қаңтарда жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Алматының Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін", – деп жазылған хабарламада.
Алматылықтар мен облыс тұрғындарына қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шықпауға кеңес берілді.
Оқи отырыңыз: Қар қалыңдығы 1,5 метр: ШҚО-да қар құрсауында қалған жүкті әйелді құтқарушылар ауруханаға жеткізді