Түркістан қаласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. 

Кей нысандарға қатысты көтерілген мәселелерге нақты түсінік берген қала басшысы қабылданған шаралардың заңдылығына тоқталды. 

Облыс орталығы мәртебесі берілгеннен кейін, қаланы туристік орталық ретінде дамытуға баса мән берілді. Әсіресе,  Ясауи кесенесі төңірегінде орналасқан ғимараттарды заманауи қонақ үй ретінде пайдалану және Түркістан қаласына келетін туристерге мәдени-рухани бағытта қызмет ұсынатын орындар жасау жоспарланды. 

Осыған байланысты, Түркістан қаласы, Есім хан алаңындағы екі ғимарат: Әкімшілік ғимараты мен Мәдениет үйі  электрондық сауда саттыққа қойылды. Ғимараттар бойынша құзырлы мекемелер тарапынан заң талаптарына сәйкес тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда ғимараттардың қызметі мақсатты ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. 

Ескі әкімдік ғимаратының жеңімпазы білім саласына инвестиция құйып, "Болашақ" колледжі ашылып, студенттерді қабылдауда. Ал мәдениет үйінің жеңімпазы заңға сәйкес инвестиция тарта отырып, ғимаратты мақсатты қолдануын өз құзырында қалдырды.

Соңғы 5 жылда Түркістанда көптеген әлеуметтік нысандар салынып, ондаған нысандар әкімдіктің теңгеріміне берілді. 

Бұл нысандардың күтіп-ұстау шығындарын қала бюджетінен өтеу мүмкіндігі болмағандықтан, әрі қалада шешімін күткен өзге де өзекті мәселелердің көптігінен бюджет қаражатын мақсатты пайдалану тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ең дұрыс шешім ашық тендерлер арқылы жеке секторда басқарушы компанияларды немесе меншік иелерін анықтау болды. 

Түркістан қаласының теңгеріміндегі нысандар сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз беріледі яғни қала әкімдігінің меншігі болып табылады және оның күтіп-сақталуы әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда болады.  

"Визит орталығы" ғимараты: Түркістан қаласы Түркістан облысының мәдени-рухани орталығы болғандықтан, қосымша инвестиция тарту және туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру, бюджет шығыстарын азайту және сенімгерлік басқарушы өз қаражаты есебінен ғимаратты күтіп ұстау мақсатында "Визит орталығы" ғимаратын сатып алу құқығынсыз 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталына электрондық сауда-саттық жарияланып, "Туркестанское бюро экскурсий" ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Алайда, "Туркестанское бюро экскурсий" ЖШС келісім-шартта көзделген талаптарды орындамауы себебінен екі жақты келісімге сәйкес келісім-шарт бұзылып, аталған ғимаратмемлекет теңгеріміне қайтарылды.

"Визит орталығы" ғимаратын кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға  беру бойынша кепілдік жарна 22 663,8 мың теңге,  қолданыстағы заңдарға  сәйкес сенімгерлік басқарушыға қайтарылды. Қазіргі таңда облыстық коммуналдық меншікке өткізілген. Республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ясауи музейі – қазіргі таңда нысанда жабдықтау және құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанда тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін заңға сәйкес қабылдау шаралары жасалады.

"Неке сарайы" ғимараты мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталындағы электрондық хаттама негізінде "Бастама KZ" ЖШС–не кейіннен сатып алу құқығынсыз 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген 

"Шығыс моншасы" ғимараты мемлекеттік мүлік тізілімі веб- порталындағы №152097 электрондық хаттамаға сәйкес 5 жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген.  

Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқару мемлекеттік мүлікті  жекешелендіру емес. Мемлекеттік мүлік мемлекеттің меншігінде болады, жекеменшікке өтпейді. Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан берілген "Неке сарайы"  және "Визит орталығы" ғимараттары мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы арқылы электрондық тендермен бәсекелестік ортаға мүлікті уақытша пайдалануға беру болып табылады.

Түркістан қаласы облыс орталығы болғанан кейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан рухани мәдени орталығын құрып, мәдени - рухани нысандар салынды. Осы орайда, мәдени рухани орталықта халыққа қолжетімді тамақтану орындарының тапшылығы орын алды. Бұл жөнінде келушілер тарапынан әлеуметтік желілерде көптеп сын айтылды және Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат етушілер тарапынан кесене маңынан қолжетімді тамақтану орындарының жоқтығына көп шағым түсті.  

Осыған байланысты, қолөнер мектебі ғимаратында орналасқан қолөнершілер мен кәдесый сатушылар уақытша өзге ғимаратқа көшіріліп, Яссауи кесенесіне жақын жерден келушілердің талап-тілегі негізінде тамақтану орындарын ашуға шешім қабылданды. 

Қолөнершілер үшін "Мәдени-рухани орталығы" аумағынан 2,56 га жер телімі қаралып, "Қолөнершілер орталығы" кешенінің эскиздік жобасы бекітілді. Жеке инвестор есебінен 2023 жылғы тамыз айында құрылыс жұмыстары басталды. 2024 жылдың екінші жарты жылдығында аяқтап, қолданысқа беру көзделген.