Түркістан облысының 20 ауылы ішімдіктен бас тартты
Бұл елді мекендерде дүкенде арақ-шарап сатылмайды.Түркістан облысына дүкенде спирттік ішімдіктер сатылмайтын елді мекенде саны 20-ға жетті. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен бұл ауылдарда дүкенде ішімдіктің сатылуына тоқтам қойылған.
Ішімдіктен бас тартқан елді мекендер:
- Арыс қаласы: Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері;
- Бәйдібек ауданы: Түйетас ауылы;
- Жетісай ауданы: Алмалы ауылы;
- Келес ауданы: Шұқырсай, Мақташы ауылдары;
- Мақтаарал ауданы: Табысты;
- Ордабасы ауданы: Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері;
- Отырар ауданы: Қарғалы ауылы;
- Сауран ауданы: Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері;
- Төлеби ауданы: Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл елді мекендері;
- Қазығұрт ауданы: Шарбұлақ ауылы.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ауылдарда қылмыс саны азайып, салауатты өмір салтымен айналысатын жастар қатары артқан.
Ал Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы "Үлгілі ауыл" санатына жатқызылды.
Оқи отырыңыз: Ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылда ұрлық пен ажырасу тыйылған