Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда 8,3 мың тонна тауық еті өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5% көп. Салқындатылған тауық етінің өндірісі бір жылда 9,7%, 11,6 мың тоннаға дейін өсті, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Өндіріс көлемі бойынша Ақмола облысы алда келеді – 2,9 мың тонна. Лидерлер үштігіне Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары кірді. Ал салқындатылған тауық етінің өндірісі бойынша Алматы облысы алда келеді – 5,7 мың тонна. Екінші және үшінші орындарға Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысы жайғасты. 

2021 жылы 12 айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар нарықтағы сұранысты 62,6% қанағаттандырды. 2020 жылы 56,3% ғана қамтыған еді. Импорт көлемі 37,4%-ды құрады. Қазақстан шетелден 168,5 мың тонна "ақ" ет алып келді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,6% аз. 

2022 жылдың ақпан айындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда тауық бір жылда 17,2% қымбаттады. Бір килограмы 1,1 мың теңгеге дейін. Ал тауық саны бірден 22,8% қымбаттады, килограмы 958 теңгеге дейін. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тамақтану қызметтерінің бағасы 37% қымбаттады


Тауық еті Шымкентте бір жыл ішінде бірден 35,2%-ға қымбаттады. Антилидерлер үштігіне Түркістан және Қарағанды облыстары кірді. Сондай-ақ, келесі өңірлерде жоғары баға тіркелді:

  • Түркістан облысы – 55,8%;
  • Ақтөбе облысы – 41,3%;
  • Маңғыстау облысы – 37,6%.

Ақтауда тауық етінің бір килограмы 1,3 мың теңге, ал тауық санының бір килограмы Нұр-Сұлтанда 1,1 мың теңге болды. 

Еске салсақ, Қазақстанда күнбағыс майының бір жылда 60% қымбаттағаны туралы хабарлаған едік. Тазартылған майдың өндірісі – 37%, ал тазартылмаған түрінікі 6% өсті.