Qazaq Аir әуе компаниясы Астана мен Түркістаннан Өзбекстанның Самарқан қаласына ұшатын рейстерге арзан билеттер акциясын жариялады. 

Ол бойынша: 

  • Астана – Самарқан, екі бағытқа билет құны – 50 мың теңге; 
  • Түркістан – Самарқан, екі бағытқа билет құны – 25 мың теңге. 

Акциялық билеттермен 2025 жылғы 1 мамырдан 25 қазанға дейін тамызға дейін аралықта саяхат жасауға болады.     

Әуе компаниясы Самарқанға аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері жолаушы тасымалдайды. 

Еске салайық, Түркістан – Самарқан бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі 2024 жылғы наурызда ашылған болатын. Ал Астанадан Самарқанға компания биылғы 1 мамырдан бастап қатынауды жоспарлап отыр. 


Оқи отырыңыз: Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды