Тұрғын үй жалдау бағасының арзандығы бойынша Қазақстан әлемде 82-орында
Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы 303,85 АҚШ долларын құрады, бір жылда 18% өскен.Ең қымбат үй Гонконг, Сингапур және БАӘ-де болса, ең арзаны – Непалда, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
ТМД елдерінің ішінде үй бағасы Қазақстанға қарағанда Әзербайжанда арзан – айына 266,3 АҚШ доллары.
- Ресей – 412,51 АҚШ доллары:
- Армения – 396,74 АҚШ доллары;
- Украина – 366,11 АҚШ доллары;
- Өзбекстан – 322,27 АҚШ доллары;
- Беларусьте – 306,17 АҚШ доллары.
2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы тұрғын үй бағасы бірден 17,5% қымбаттап, 1 шаршы метрі үшін 1,9 мың теңге болды.
Оқи отырыңыз:
- Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
- Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық
Мемлекеттердің ірі қалалары ішінде бәрінен көп Алматы қаласында қымбаттады – бірден 40,6%. Антилидерлер үштігіне Орал мен Шымкент қалалары кірді: тиісінше 32,5% және 31,3%. Бәрінен аз Таразда қымбаттады – бір жылда 5,5%.
Ең жоғары тұрғын үй жалдау бағасы астанада байқалды: бір шаршы метрі үшін – 3,7 мың теңге. Сондай-ақ, ең "қымбат" қалаларға келесілер кірді:
- Алматыда бір шаршы метр үшін – 3,3 мың теңге;
- Ақтауда бір шаршы метрі үшін – 2,4 мың теңге;
- Таразда бір шаршы метр үшін – 1,4 мың теңге.