Түнде үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде түнде үсік жүреді."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының бір бөлігі антициклонның ықпалында болады.
"Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады.Тек солтүстік антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Көптеген өңірлерде тұман күтіледі", – деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде үсік болып, ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.
Оқи отырыңыз: "Шілдеде" неге қырық күн? Қазақ халқының ауа райы болжамдары.