"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 қазанда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Астана қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда да көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында тұман түседі, күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде, сондай-ақ орталығында да тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Петропавлда 31 қазанда тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болды.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

31 қазан мен 2 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.