Трамадол дәрісін пайдалану харам ба? ҚМДБ үкімі
Кей мемлекеттерде трамадол есірткі тізіміне енгізілген.Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "Трамадол" дәрілік препаратын қолдану туралы үкім шығарды.
Трамадол – апиындық анальгетик, синтетикалық препарат. Бұл дәрі кейбір ауру түрлерін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданылады. Ғалымдар трамадолды шарап, есірткі ретінде қарастырып, оған тыйым салады.
"Трамадол есірткі секілді адамның ақыл-есіне кері әсер етіп, ағзаға зиян келтіретіндіктен, оны дәрігердің нұсқауынсыз пайдалану және сату – харам", – деп жазылған үкімде.
Сондықтан трамадолды дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға тыйым салынады.
Айта кетейік, кей мемлекеттерде трамадол есірткі тізіміне енгізілген.
Оқи отырыңыз:
- Мәйітті донор ретінде пайдалану. ДСМ мен ҚМДБ ұстанымы қандай?
- "Мешіт емес, мектеп салынсын". ҚМДБ өкілі желідегі пікірлерге жауап берді
- "Жәннаттағы хор қыздары". ҚМДБ Абдулаxад Смановтың уағызына қатысты мәлімдеме жасады