Toyota, Hyundai брендімен жалған автобөлшек сатқандар ұсталды
Жабылған қоймада жалпы сомасы 1,8 млрд теңгенің автобөлшегі сақталған.Алматыда бір топ азаматтар танымал брендтердің атын жамылып, жалған автокөлік бөлшектерін сатумен айналысқан, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам сомаға Toyota, Hyundai, Honda сауда белгілерімен жалған автобөлшектер қоймасы жойылған.
Контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Тергеу шараларының қорытындысы бойынша 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді. Қазір іс сотта қаралып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Автосервис 2 есе қымбаттады. Көлік күтіміне қанша ақша қажет?
- Ескі айыппұлдарды қалай жоюға болады? Автокөлік иелеріне нұсқаулық