Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған қылмыстар бойынша тергеу жүргізуді тапсырды
Президенттің тапсыруынша, заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Президенттің тапсырмасы бойынша, заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс.
Еске салайық, журналист Динара Егеубаеваның автокөлігін белгісіз адамдар өртеп кеткен болса, Вадим Борейконың пәтерінің есігін белгісіз үші адам құрылыс көбігімен бітеп, үй сыртына жазу жазып қалдырған болатын.
Алматы қаласының полициясы бұл оқиғалар бойынша зерттеу жұмыстарын бастады.