Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

"Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты", – делінген ақпаратта. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда өрт кезінде әрекет ету оқу-жаттығуларын ұйымдастыруды тапсырды