Тоқаев: Утиль алымын жинаумен РОП операторы емес, мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс
Президент Үкіметке РОП операторының утиль алымына иелік етуін тоқтату бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырды."Кәсіпкерлер, жалпы қоғамда "Оператор РОП" деп аталатын компанияның жұмысына қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Тіпті, осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Үкіметке РОП операторының утиль алымына иелік етуін тоқтату бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұнымен шетелдегідей мемлекеттік ұйым айналасу керек. Ал алымның ставкасын қайта қарау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР президенті автокөлік өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру мемлекет функциясы екенін айта кетті. Ол бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керек дейді.
"Сатып алушыларға утиль алымы есебінен ваучер арқылы отандық автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мәселесін қарастыру керек. Ондағы қаражатты пайдаланудың басқа да қоғамға пайдалы тәсілдерін әзірлеңіздер", – деп тапсырды Мемлекет басшысы.