Тоқаев ҰҚК төрағасының екі орынбасарын қызметтен босатты
Олар – Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірханов.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарланған.
"Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Ақордада оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады