Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті
Президент Хазірет Сұлтан мешітінде олардың рухына арнап құран оқытты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты, деп хабарлады Борт №1 Telegram арнасы.
Одан кейін елордадағы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қазақстанда бұл күн 1997 жылдан бері аталып келеді.
1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.