Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында нағыз дамыған ел болу үшін саяси реформалармен шектеліп қалмау керектігін айтты.

"Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті.Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Көп жағдайда әлеуметтік шиеленіс пен масылдыққа құқықтық сауатсыздық себеп болады


Оның айтуынша, сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті.

"Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады", – деді ол.