Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті ретінде салтанатты ұлтықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы рәсімде Қазақстан халқына үндеу жасады. 

"Тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау – біздің борышымыз. Алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкін. Дегенмен ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, алынбайтын асу жоқ. Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Президентті ұлықтау рәсімі: Тоқаев Қазақстан халқына ант берді