Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Медицина қызметкері күні маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі жазды.
"Құрметті медицина қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер халықтың денсаулығын жақсартып, ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Қазақстанда медицина мамандарының мәртебесі мен беделі жоғары болуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөледі. Көптеген заманауи емдеу орындарының салынуы, білікті мамандарды даярлауға бөлінетін грант санының көбеюі, осы сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі – соның айқын дәлелі. Түптеп келгенде, мұның бәрі салауатты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Сіздер сындарлы сәттерде өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел сенімін ақтай білдіңіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге амандық, бақ-береке тілеймін!", – делінген құттықтауда.
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі.