Тоқаев: Инфляция көрсеткіші 2015 жылғы деңгейден асып түсті
Инфляция деңгейі биыл 14,5 пайызды құрады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.
Мемлекет басшысы отырысты ашу сөзінде өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар екенін айтты. Мұнымен қатар, ол инфляция деңгейінің өсуіне алаңдаушылық білдірді.
"Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Атқарушы билік инфляцияға жол бермеу міндетін орындамады