Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады. Сондай-ақ, Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды", – деді Берік Уәли.

Жиынды "Хабар 24" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.