Тоқаев Берік Әбдіғалиұлын Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатты
Берік Әбідғалиұлы – Ұлытау облысының алғашқы әкімі болды.Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылдың маусым айынан бастап Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған еді. Ол Ұлытау облысы құрылғаннан кейінгі оның алғашқы басшысы болды. Оған дейін, 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі қызметін атқарды.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген.
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 2017 жылы "Өңірлік және муниципиалдық менеджмент" мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу) қорғаған.
10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.