Тоқаев Алматыда өрт кезінде әрекет ету оқу-жаттығуларын ұйымдастыруды тапсырды
Президент өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған сапары кезінде қаланы дамытуға қатысты негізгі проблемаларды шешу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы таяуда "Ақкент" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды.
"️Президент Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік шаралары жөнінде халықтың сауатын арттыру үшін жаппай оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Ал қала әкімдігіне өртке қарсы күрес қызметінің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін пәрменді шаралар қабылдау міндеті жүктелді, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Президент: NEET санатындағы жастардың арасындағы жұмыссыздыққа айрықша назар аудару қажет