Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Біз ресейлік бизнесті халал өнімдерді экспорттау бағытында тығыз ынтымақтастыққа шақырамыз