Тоқаев коронавирусқа қатысты шектеу енгізу туралы: Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал
Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырған науқастардың саны 30 пайызға артқан.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделеніп келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. Басты себеп дәрігерлер мен тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамауы екенін айтты.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал", – деді президент.