Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО-ға мүше елдерді Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөз бастауға үндеді.

"Енді преференциялық келісімдер жасалған серіктестермен өзара іс-әрекеттің сапасын арттыруға назар аудару маңызды. Бұл жерде Вьетнам, Сербия және Иран туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ Үндістан, Мысыр, Индонезия және Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қатысты жұмысты жеделдеткен жөн. Бұл жөнінде бірнеше рет айттым. Әрине, бұл жұмысты бірлесе жалғастырған жөн. Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөз басталғанын қолдайды. Бұл бастаманың келешегі зор әрі бүкіл "еуразиялық бестіктің" мүддесіне сай келеді деп санаймын. Енді осы процесті созбалаңға салмау маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Санкциялар ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет