Тоқаев қарызға батқандар туралы: Таяу арада ұсынысымды халыққа жариялаймын
Мемлекет басшысы бұл мәселе өзін қатты толғандыратынын айтты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу барысында Қазақстанда несие алып, қарызға батып жүрген адамдар көп екенін айтты.
"Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: 5 жылда Қазақстанда өндірілетін қанттың үлесі 7 пайыздан 43 пайызға дейін өседі
Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етті.
"Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз "Әділ істің – бәрі игі" деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс. Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз", – деді президент.