Қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына тоғызыншы алтынды әкелді. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

60 келі салмақ дәрежесінің финалында Абдулла Шаабаннан мықты болды. Кездесу 7:5 есебімен аяқталды.

Әсел Қанай қола жүлде үшін белдесуде Атуса Голшаднезадты (Иран) жеңді – 1:0.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар тоғыз алтын, 16 күміс және 41 қола медаль жеңіп алды.


Оқи отырыңыз: Тағы екі алтын: Зухра Ирназарова және Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы Азиада чемпионы атанды.