Джеймс Кэмеронның атақты "Титаник" фильмі үлкен экрандарға қайта оралады, деп хабарлады Deadline.

Биыл фильмнің жарыққа шыққанына 25 жыл толды. Осыған байланысты оны кинотеатрларда 3D 4K HDR форматында және жоғары кадр жиіліктерінде қайта көрсету туралы шешім қабылданған. Paramount Pictures фильмнің жаңартылған нұсқасының трейлерін көпшілік назарына ұсынды.

Картинаның халықаралық шығарылымы 10 ақпанға жоспарланған.


Оқи отырыңыз: "Оскар" жүлдесін алған ең үздік 20 анимациялық фильм


Айта кетейік, "Титаник" фильмі 1997 жылы жарыққа шығып, бірнеше ай бойы кинотеатр кестесінен түспеген. Картина "Үздік фильм", "Үздік режиссер", "Үздік операторлық жұмыс", "Үздік фильм монтажы", "Үздік режиссура", "Үздік костюм дизайны", "Үздік түпнұсқа драмалық сюжет" және тағы басқа аталымдар бойынша барлығы 11 рет "Оскар" жүлдесін алған.