"Тірі қалу мүмкін емес": Алматылықтардан тауға бармауды сұрайды
Наурызда "ылғалды" қар көшкіні жүреді.Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупінің жоғары болуына байланысты тұрғындарға жүгінді.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, қардың еруі, тұрақсыз жағдайы және қар жамылғысының жоғары тереңдігі, сондай-ақ жауын-шашын салдарынан қар көшкіні жүру қаупі бар. Алматы қалалық Ішкі істер департаменті демалушылар мен туристердің, көліктердің қар көшкіні қаупі бар аймақтарға өтуіне шектеу қою мақсатында бекеттер орнатты:
- Үлкен Алматы өзені алабындағы "Аюсай" (Визит орталығы);
- Кіші Алматы өзенінің алабындағы "Эдельвейс";
- "Шымбұлақ" ТШК
"Наурыз айында "дымқыл" қар көшкіні болады, қар көшкінінің астында қалған адамның тірі қалу мүмкіндігі жоқ. Төтенше жағдайлар және "Казселденқорғау" мемлекеттік мекемесі алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына таулы жерлерде серуендеуге бармауды қатаң түрде ұсынады", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар 15 мамырдан бастап жабылады
Сонымен қатар, құтқарушылар қала тұрғындарына таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуіне байланысты үйлерінің аумағы арқылы немесе жақын маңдағы арықтар мен каналдардағы қоқыстарды тазалау қажеттігін еске салды.