Илон Масктың Tesla компаниясы екі миллионға жуық электромобиль көліктерін кері қайтаруға мәжбүр. Биылдың өзінде екінші рет. АҚШ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық әкімшілігі екі жылға созылған тексеруден кейін Tesla электрокөліктерінің басқару жүйесінен ақауларды анықтаған. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Еске салайық, 2015 жылдан бастап сатыла бастаған Tesla көліктері автопилот жүйесімен жабдықталған. Солардың бәрі дерлік кері қайтаруға жатады. Соңғы жылдары автопилот қосулы кезінде болған апаттар саны жиілеп кеткеннен кейін АҚШ Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық әкімшілігі арнайы тексеру жүргізген болатын. Бұл тексеру екі жылға созылды. Оның барысында 956 апаттың себебі зерттелген. 

Дегенмен, Tesla көлік иелері үшін электромобилін компанияның сату не сервис орталықтарына апару қажет емес екенін хабарлады. Бұл үшін компания бағдарламаның жаңартуларын тікелей көліктің борттық компьютеріне жібереді. 


Оқи отырыңыз: Электр арба есіңде бар ма?