Үкімет сайты 2024 жылғы даму қорытындылаған кезекті материалында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" акциясының нәтижелеріне шолу жасады. 

"Таза Қазақстан" акциясы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Ол еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.

"Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды қоса алғанда, жұртшылық арасында да белсенді түрде жұмыс жүргізілді", – делінген Үкіметтің хабарламасында. 

Инфографика: Үкімет сайты

Еске салайық, республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастау алды.


Оқи отырыңыз: Қызылорда облысының Сырдария ауданы "Таза Қазақстан" акциясына үлкен үлес қосты