Таразда тұрғындар жылудың жоқтығы мен жарықтың жиі сөнетініне шағымданды. Айтуларынша, қабаттап киім киіп жан бағып жүр, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Әрине, ешкімге ұнамайды! Әлі жылу мен есеп келеді. Айналып-айналып жатыр. Ыстық су жоқ. Бірақ біз ол үшін ақша төлейміз. Жуынып жатқан жоқпыз. Басқа жылуы бар жаққа барамыз. Бұл жақта жоқ", – деді Тараз қаласының тұрғыны Гүлзира Әбдікеева. 

Бұл 180 пәтерлі көп қабатты төрт үйге тән ахуал. Сондай-ақ, ауырып жатқандар саны артып келеді. 

"Былтыр қыстай үсіп отырдық. Үйдің ішінде пальто, куртка, жүн нәски, тәпішке киіп жүрдік. Ақша төлегенде айма-ай төлетеді. Кеше жарыққа ақша төлеп қойғанбыз. Бірақ жарық жоқ. Тамақ ашып, іріп жатыр. Біз кімге керекпіз? Ешкімге керек емеспіз", – деді Тараз қаласының тұрғыны Нұржамал Сартаева. 


Оқи отырыңыз: Тұман, жел, көктайғақ: 31 қазанға арналған ауа райы болжамы


Ал атқарушы билік салынған үйдің сапасына шаң жуытпайды. Тек үш жыл бұрын берілген үйлердің құбыры тозып үлгерген. Ал жылы су мен жоқ жарықты тұрғындардың өздері жамап жасқап жалғау керек дейді.

Әлеуметтік осал таптарға берілген бұл көп қабатты үй осылайша жан төзгісіз баспанаға айналған. Шағым айтқан тұрғындарға жергілікті билік арнайы топ құрып апта соңына дейін жердемдесеміз дейді.