Танымал сазгер Арман Дүйсенов өмірден озды
Продюсер 48 жасында көз жұмды.
Арман Дүйсенов. Фото: Индира Елеместің Instagam парақшасынан алынды
Танымал сазгер Арман Дүйсенов дүние салды. Бұл туралы әнші Индира Елемес Instagram парақшасында жазды. Ақпаратты Qazaqstan телеарнасы растады.
"Арман ағау. Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын!" – деп жазды әнші.
Индира Елеместің ресми өкілі сазгердің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады.
Сазгер, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған.