20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағының мақсаты – санақ парақтарын, әдіснамаларды, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сынақтан өткізу, далалық жұмыстардың ұйымдастырылуын, сондай-ақ интернет пен әкімшілік деректердің сапасын бағалау.

"2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық ауыл шаруашылығы санағын 54 елдімекенде – ауылдық және қалалық жерлерде жүргізетін болады. Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, дара кәсіпкерлеро қатыса алады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Ақмола облысында орман мен дала өрті бір жылда 100% азайды


Санақ жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да аспектілер туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.