Тәжікстан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерден көмек сұрады
Алайда ҰҚКҰ әзірге Тәжікстан шекарасын қорғауға ұжымдық күштерді тартудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.Ұйымдағы Тәжікстанның тұрақты өкілі Хасан Султонов елге ұйымға мүше елдерден көмек қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылатыны белгілі болғаннан бері 15 жылдай елді дүрліктіріп келе жатқан талибандар үкімет әскерін көршілес тәжік мемлекетінің шекарасына қарай ығыстыра бастады. Султоновтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда талибандықтар Ауғанстанның Тәжікстанмен шекарлас 910 шақырымдық жерін басып алған.
Тәжікстан шекарасындағы жағдайды тұрақтандыруға қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше Ресей бірден келісім берді. Өйткені, дәл сол шекаралас аймақта Ресейдің әскери базасы орналасқан.
ҰҚКҰ біріккен штабының генерал-полковнигі Анатолий Сидоров тәжік әскерилерінің дайындығына жоғары баға беріп отыр.
"ҰҚКҰ өкілдері шекараны қорғауға ұжымдық күштерді тартудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Алайда шекарадағы жағдай ушығып жатса, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің басшыларының шешіміне сәйкес, ҰҚКҰ барлық күші тартылады", – деді Анатолий Сидоров.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: