Сырттай білім алуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды
Бұйрық 25 қазаннан бастап күшіне енеді.Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, сырттай және кешкі білім беру мамандықтарына өзгерістер енгізілді.
Оның ішінде сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімінен физика-математика ғылымдары, ақпараттық қауіпсіздік жүйелер, химия техникасы, электротехника, механика және металл өңдеу, өңдеуші және өңдеу өнеркәсібі және тағы да бірқатар мамандықтар алынып тасталды.
Жаңа тізім бойынша, үміткерлер енді келесі мамандықтар бойынша сырттай білім ала алады:
- кітапханашы;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технологиясы;
- технолог, электрик, жылу энергетикасы, электромеханик, металлург және тағы басқа;
- агроном, бригадир;
- тасымалдауды ұйымдастырушы;
- фельдшер, ветеринарлық фельдшер;
- спорт жаттықтырушысы;
- цирк, хор, академиялық, дәстүрлі және эстрада әншілері мен осы саладағы ұстаздар.
Оқи отырыңыз:
Қандай мамандықтар бойынша енді колледжде сырттай оқуға болмайды?
Жоғары оқу орнында сапа болмаса, студенттердің обалы кімге?
Бұйрық 25 қазаннан бастап күшіне енеді. Оның орындалуын бақылау оқу-ағарту вице-министріне жүктелген.