"Шын жүрегіммен айтамын". Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта алғаш рет сөз алды
Ол сот пен қазылар алқасынан өзін ана ретінде түсінуді сұрады.Сотталушы Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сотта алғаш рет мәлімдеме жасады.
Елорда сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда. Прокурор Айжан Аймағанова қорғаушы тарап ұсынған мәскеулік маманның қорытындысын қылмыстық іске қосудан бас тартты.
"Мен, әрине, заңгер емеспін. Мүмкін мен ойымды дұрыс жеткізе алмайтын шығармын, бірақ менің ойымша, егер мәскеулік мамандардың сараптамасын, қорытындыларын қабылдамасаңыздар, онда мен мұны конституциялық құқық бұзушылық деп санаймын. Балам өз құқықтарын қорғауға және өз дәлелдерін келтіруге құқылы, сондықтан сіздерден: соттан, прокурорлардан, алқабилерден, жәбірленуші тараптан мені ана ретінде түсінулеріңізді сұраймын. Мен мұны шын жүректен айтып тұрмын", – деді Альмира Нұрлыбекова.
Ол Қуандық Бишімбаевтың қоғамдық қорғаушысы және барлық сот отырыстарына қатысып отыр.
Оқи отырыңыз: Салтанат Нүкенова ескі жарақат салдарынан қайтыс болуы мүмкін бе?
Судья Айжан Құлбаева алдымен сарапшының қорытындысын оқып, содан кейін оны іске қосу-қосу туралы шешім қабылдауды ұйғарды.
Бұған дейін Альмира Нұрлыбекова Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасы орын алған Гастро орталықтың құрылтайшылар мүшелігінен шығып кеткен болатын. Құрылтайшылар мүшелігінен Цифрлық даму бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин де шығып кетті.